“Жабайылық деген – осы”: Меруерт Түсіпбаева балаларға аяғын уқалатқан дін қызметкеріне шүйлікті
Балаларыңыз саяхаттасын, тіл үйренсін, кітап оқысын, білімді мен сауатты заманауи болсын!
Белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева Түркістан облысындағы мешітте балаларға аяғын уқалатқан дін қызметкерін сынады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желіде мешітте балаларға аяғын уқалатқан дін қызметкердің видеосы тараған болатын.
“Бір апта бойы талқыланып жатқан жабайылық деген – осы. Жабайылық деген осы болар, сірә?! Болашағы жарқын болсын десеңіз көкжиегін кеңейтіп, балаларыңыз саяхаттасын, тіл үйренсін, кітап оқысын, білімді мен сауатты заманауи болсын!”, – деп жазды әнші.
Еске салсақ, ҚМДБ Түркістан облысындағы мешітте балаларға аяғын уқалатқан дін қызметкеріне ескерту жасаған еді.