«Ауруханада дәрі жоқ»: Шығыс Қазақстан облысының әкіміне көпбалалы ана шағымын жеткізді
Қарапайым аскорбин қышқылы мен АЦЦ-ны да өзім сатып алдым
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Алтай ауданы ауруханасын аралау барысында науқастардың медициналық мекеме басшылығына айтқан сынын тыңдады. Стационарда ем алып жатқан тұрғындарға дәрі-дәрмекті өздері сатып алуға тура келген, KYN.KZ ақпарат агенттігі Уk-news.kz порталына сілтеме жасап.
Аурухананы аралау кезінде көпбалалы ана Маржан Елікпаева әкімге шағымын жеткізді.
"Ауруханада дәрі жоқ. Ешнәрсені жасырмаймын. Кейбір дәрілер сәйкес келмеуі мүмкін екенін түсінемін. Бірақ қарапайым аскорбин қышқылы мен АЦЦ-ны да өзім сатып алдым. Мен – көпбалалы анамын, жалақым – 200 мың теңге. Оның 100 мыңын дәрі-дәрмекке жұмсадым. Ал келесі айда қалай өмір сүремін? Барлық чек бар", – деп шағымданды әйел.
Аурухананың бас дәрігері Олжас Нүрекенов жылдың басында қаржыландырудың шектеулі болуына байланысты кейбір өмірге маңызды дәрі-дәрмектердің сатып алынбағанын түсіндірді. Дегенмен қазір дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қайта қалпына келтірілгенін айтты.
Әкіммен кездесуден кейін Маржан Елікпаеваға барлық шығындарды өтеп беруге уәде етті.
"Бізден кешірім сұрап, дәрі-дәрмек сатып алуда уақытша қиындықтар болғанын түсіндірді. Сондай-ақ қызым мен жұбайымның емделуіне кеткен шығындар толықтай өтелетінін айтты. Бұл күтпеген жағдай, бірақ қуанышты жаңалық болды", – деді көпбалалы ана.