қарағандыда ер адам 15 жастағы қызын 38-дегі досына күштеп күйеуге берген
15 жастағы қызға үйленген ер адам оны 5 күн бойы азаптаған.
Оқиға Қарағанды облысына қарасты Абай ауылында болған. Бұл жөнінде "Не молчи" қоры жазды.
Өгей әкесі қызын күштеп күйеуге берген соң, 38 жастағы досы оны бес күн бойы зорлаған.
Қордан көмек сұрап, қыздың ағасы жүгінген. Ол жасөспірім бес күн бойы жалғасқан зорлық-зомбылықтан кейін әкесіне қашып келгенін айтты.
Арыз жазылған, бірақ қордың мәліметінше, полиция оны бірден қабылдамаған және уақыт созып жүріп алған.
Әзірге құқық қорғау органдары ресми ақпарат берген жоқ.