Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Кеудеме өксік толды»: АҚШ-қа ұлын оқуға жіберген Қайрат Әділгерей өкінішімен бөлісті

«Кеудеме өксік толды»: АҚШ-қа ұлын оқуға жіберген Қайрат Әділгерей өкінішімен бөлісті
Сурет: ашық дереккөздерден
Баланың маған дегенде көңілі тоқ болып, кетіп бара жатыр ма?

Белгілі актер, әзілкеш Қайрат Әділгерей АҚШ-қа оқуға жіберген ұлына қатысты бір өкінішімен бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бала тәрбиесі туралы өнер иесі "Сырласу бағдарламасында" айтты.

«Баламды Америкаға ұшырып, шығарып салғанда кеудеме өксік толып, мені өкініш биледі. Шешесі екеуміз далада бақырып жылап жүрміз. Сонда бала бүлініп кетеді-ау, шалыс басады-ау деген қорқыныш болған жоқ. Ер бала болғаннан кейін өмірге өзі бейімделуі керек қой… Баланың маған дегенде көңілі тоқ болып, кетіп бара жатыр ма? Міне, мәселе қайда? Ойланып отырсам, әкесі бола тұра баламмен бірге уақыт өткізген кездерім есіме түспейді екен. Бала қайда барады?!» – деді ол.

Қайрат Әділгерей барлық әкеге баламен жәй ғана уақыт бөліп, ойнауға шақырды.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар