Мәдениет

“Уайымдамай, көбейіңдер!”: көпбалалы болуға кеңес берген Айдар Тұрғанбек сынға қалды (ВИДЕО)

Әйелдерге ойланбай, уайымдамай, алаңсыз өмірге көп-көптен бала әкелуге еркектер жағдай жасауымыз керек

“Жігіттер” квартетінің әншісі Айдар Тұрғамбек көпшілікті көпбалалы отбасы болуға шақырды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Әншінің бұл туралы ойын жұрт сынап тастады. Оның айтуынша, демографиялық жағдайды көтеру үшін қазақ әйелдері көп бала тууы қажет. 

“Кең байтақ жерді қазақтан толтыру керек. Көп жастар отбасын құрып, 2-3 баламен шектеліп қалып жатыр. Асыраудан қорқып, жағдай жасап алсақ, осылардың өзін жеткізіп алсақ деп отыр. Уайымдамай, көбейіңдер! Кейін рахатын көресіңдер! Әр отбасында кемінде 7-8 баладан болу керек. Бұл маған да қатысты. Әйелдерге ойланбай, уайымдамай, алаңсыз өмірге көп-көптен бала әкелуге еркектер жағдай жасауымыз керек.”, – деп жазды әнші. 

Желі қолданушыларының пікірігі екіне жарылды. Бірі қолдаса, енді бірі әншінің ойын талқыға салды.

Олар “Саннан бұрын сапа керек”, “Баламен қосып, байды да бағып отырмыз”, “Сен әніңді айтып жүре бер, бауырым!”, “Кең байтақ жеріміз болса, неге квартира жалдап жүрміз” деп жазды.