«Бірі талмамен ауырады, әр жерге жіберіп қояды»: бірнеше жыл құлдықта болған Назгүл мен Құндыздың баптаушысы қыздар туралы айтты
Зульфия ханым өзінің қыздарды ұрмайтынын және жақсы қарап жатқанын алға тартты
Ағалары бірнеше жыл бойы құлдықта ұстаған Назгүл мен Құндыздың қазіргі баптаушысы Зульфия ханым Руслан Өтепбай қыздарды тартып алғысы келетінін айтып, сұхбат берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол sert inform ютуб каналына берген сұхбатында айтты. Ол журналист Руслан Өтепбайдың үйге ескертусіз келіп, қыздардың жағдайы нашарлап кеткен дегеніне ренішін жеткізді. Осыдан кейін Зульфия ханымды қаралаушылар көбейген.
«Бұл қыздар балалар үйінде жүрген жоқ, менің шаңырағымда. Руслан мырза ескертусіз келді. «Қыздар азып кеткен» дейді. Халыққа дұрыс көрсетпей жатырсыздар. Ешкімді кінәламаймын. 8 ай бойы қыздардың пенсиясын алып отырған жоқпын. Ол тоқтап қалса да мен салып отырдым. Мен ақшасын алған жоқпын», - дейді.
Зульфия ханым қыздарды ұрмайтынын айтып, көзіне жас алды. Бірақ оны қаралап жатқандар бар екен.
«Қаншама баланы қарап, өсірдім. Бұл екі қызды мен неге ұрамын? Неге қарамауым керек? Олай адамға күйе жақпаңыздар. Маған келгендегі жағдайын сіздер білмейсіздер. Қазір қыздардың бірі талмамен ауырады, әр жерге жіберіп қояды. Памперспен жүреміз. Халықтың жаман пікірлерін оқығанда асылып өлгім келді», - дейді.
Айтуынша, қыздың біреуі де үй тірлігіне, тамақ жасауға көмектеседі.