Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

2025 жылы Қадір түні қай күні болатыны нақтыланды

2025 жылы Қадір түні қай күні болатыны нақтыланды
patheos.com
Ғалымдар Қадір түні тағдыр түні дегенмен тең дегенді айтуда.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы Ораза кестесінде Наурыз айының 26-нан 27-не қараған түнді Қадір түні деп белгіледі. Қадір түні – мұсылман үшін ризыққа мол түн. Жер бетіндегі қыбыр еткен тіршілікке Алланың ырыздығы мен несібесі төгілетін қаситетті түн қандай мағына береді? Қадір түні туралы не білу керек?

Құран Кәрім туралы мәшһүр ғалым Ибн Кәсир "Қадір" сөзінің үш мағынасы барын айтады. Оның айтуынша, "Қадір" сөзі "үкім түні" деген мағына білдіреді. Бұл түні Алла бетін құбылаға бұрып, сәждеге иіп, шын жүрегімен тілеу тілеген пендесінің біліп, білмей істеген күнәсін кешіріп, қалған ғұмыры, ұрпағына ырзық-несібе беретін күн.

Құран Кәрімде:

فِيهَا يُفْرَقُ كُلُّ أَمْرٍ حَكِيمٍ

"Ол кеште барлық хикметті істер айырылады", [1] - деп бұйырылған.

"Бұл түнде келесі жыл істерінің тағдыры жазылады", – деді ("Тафсир әт-Табари" 25/65).

"Қадір" сөзі "абырой, бедел" мағынасын береді. Яғни, қадір түні – ұлық және аса қадірлі түн. Бұл түннің салмағы мың айдан да қайырлы. Бұл хақында Құранда:

لَيْلَةُ الْقَدْرِ خَيْرٌ مِّنْ أَلْفِ شَهْرٍ

"Қадір түні мың айдан да қайырлы",[2] - деп баяндалады.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар