«Сол жақ беті қозғалмайды»: Астанада лифтте беті тілгіленген 5 жасар баланың жағдайы белгілі болды
Дәрігерлер қалпына келуі біраз уақытқа созылатынын айтады
Астанада лифтіде бетін пышақпен тілгілеген 5 жасар баланың қазіргі жағдайы белгілі болды. Анасының айтуынша, ем ұзаққа созылуы мүмкін екен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бетінен жарақат алған балаға нейропатия диагнозы қойылған. Бетінің сол жағы қозғалыссыз қалған. Анасы баласының қазір физиотерапиядан өтіп жүргенін айтады.
«Сол жақ беті қозғалмайды. Дәрігерлер қалпына келуі біраз уақытқа созылатынын айтады. Қосымша операция туралы ешкім ешнәрсе айта алмай отыр», - дейді баланың анасы.
Сарапшылар баланың жазылып кетуі оның ағзасына байланысты екенін айтады. Жүйке мен бұлшық етті жандандыруға жасалып жатқан физиотерапия және ем-дом шаралары ұзаққа созылуы мүмкін.
Айта кетсек, Астанада лифтіде 14 жастағы жасөспірім 5 жасар баланың бетін пышақпен тілгілеп тастаған еді. Оның психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталды.