Басты жаңалықтар

Зүлфия Төленова Назгүл мен Құндызды тек Ильяс Сариевке сеніп тапсыра алатынын айтты (ВИДЕО)

17 жыл сондай тағдырда жүргеннен кейін олардың ортаға қосылуы қиын

Бірнеше жыл құлдықта болған Назгүл мен Құндыздың қамқоршысы Зульфия ханым екі қызды сенімді қолға өткізіп беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы видео желіде тарады. Зульфия ханым екі қызды Ілияс Сариевке тапсырғысы келетінін жеткізді.

“Құрметті жұртым, мына екі қыздың тағдыры тағы да құлдықта өтетін болды деп ойлайсыздар. Жоқ сіздер ойлағандай емес.  “Асырап бағамын, осылардың мұндай ауырғандарына көнемін” дейтін болсаңыздар мен беремін. Бұлардың ақшасына қызығып отырған жоқпын. Біреуі 98 мың алады, екіншісі 103 мың теңге. Қыздардың денсаулықтары белгілі. 17 жыл сондай тағдырда жүргеннен кейін олардың ортаға қосылуы қиын. Асыраймын, қараймын деген адам болса, Ілияс деген бауырыма берер едім. Мен сол Ілиясқа ғана сенемін”, - деді Зульфия ханым.

Айта кетсек, екі қыздың баптаушысы осыған дейін журналист Руслан Өтепбайға өз ренішін білдірген еді. Өйткені ол үйге ескертусіз келіп, Назгүл мен Құндыздың жағдайы төмендеп кеткенін айтқан.