Басты жаңалықтар
Шерзат Полаттың өлімі: Қаржаубай Нұрымов адвокаттарынан бас тартты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 17:24
- 33

Енді бұл іске жаңа бес адвокат кіріспек
Марқұм Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов адвокаттарынан бас тартты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Айтбек Амангелді мәлімдеді. Айтуынша, бірнеше күн бұрын ол Шерзаттың туған-туыстарымен кездескен.
“Кездесуден кейін маған Қаржаубай жазды. Ол адвокаттардың бәрінен сенімхатты қайтарып алатынын айтты. Басқа адвокаттарды тапқысы келеді. Біз ештеңе демедік. Себебі Қаржаубайдың мінезін білеміз. Енді бұл істі жаңа бес адвокат өз қолына алады. Бізде не боламыз деген сұрақ туындап тұр”, – дейді ол.