Калейдоскоп

Астаналықтар жұмыс күнін жарты сағат ерте бастауы мүмкін

Қала әкімдігінің шешімі келесі аптада үкіметтік деңгейде қаралады

Астаналықтар енді шығыс жұртынан қалмай, жұмыс күнін жарты сағат ерте бастауы мүмкін. Мұндай ұсынысты бүгін қала Мәслихатының жиынында әкім орынбасары жария етті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.

Жаңа жұмыс кестесімен мемлекеттік ауруханалар, колледж бен мектептер жүріп-тұрады.

Бұл жаңашылдық көлік кептелісінің де алдын алуға мүмкіндік береді деп отыр қала атқамінерлері. Жұмыс кестесінің әдеттегідей тоғызда емес, сегіз жарымда басталуы шаһар өміріне қандай да бір оң өзгеріс алып келсе, жергілікті атқарушы билік тағы да бір жаңашылдықты енгізбек. Бұл жолы қала билігі ірі мекемелердің пікіріне құлақ асып, жұмысқа келу тәртібін таңғы сағат сегізден бекітпекші. Ұсыныс ұсыныс күйінде қалып қалмас үшін қала әкімдігінің шешімі келесі аптада үкіметтік деңгейде қаралады.