Айтбек Амангелді Бишімбаевты тағы да сотқа берді
Айтбек Амангелді бұрынғы министрден моральдық зиян келтіргені үшін 1,5 миллиард теңге талап етіп, сотқа жүгінген болатын
Өз күйеуінің қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевты сотқа берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл жолы ол Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша Жоғарғы сотқа шағым түсірген. Азаматтық іс 17 наурызда судьяға келіп түсті.
Айта кетсек, осыған дейін 2023 жылдың тамыз айында, Айтбек Амангелді бұрынғы министрден моральдық зиян келтіргені үшін 1,5 миллиард теңге талап етіп, сотқа жүгінген болатын. Қыркүйек айында сот оның пайдасына 10 миллион теңге өндіріп беру туралы шешім шығарды. 27 қарашада Астана қалалық апелляциялық соты бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды.