Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Белгілі этнограф Болат Бопайұлы өмірден өтті

Белгілі этнограф Болат Бопайұлы өмірден өтті
Сурет: el.kz
Ол қазақ этнографиясына байланысты оннан астам кітаптары қалды

Көрнекті ғалым, этнограф Болат Бопайұлы дүние салды. Бұл туралы жазушы-публицист Марат Байділдаұлы желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

«Кеше ғана: "Аға, "Қазақ салт-дәстүр, әдет-ғұрып этнографиясының методикалық энциклопедиясы" атты екі томдық кітабым шықты, соның тұсаукесеріне қатысып лебіз білдірсеңіз" деп өтініш айтып еді. Қасиетті рамазан айында дүниеден өткен адамға жаннаттың есігі ашық болады деуші еді, Бөкеңді Алла алдынан жарылқасын»! – деді ол.

Болат Бопайұлы 1960 жылы Қытай елінде Ертістің сағасындағы Көктоғайда туып өскен. Жоғары білім алған соң Шынжаң өлкесіндегі оқу-ағарту ісіне атсалысты. Алғашқы шығармалары сол жақта жарық көрді. Атамекенге оралған соң этнография саласымен түбегейлі айналысты. Оның соңында қазақ этнографиясына байланысты "Қазақ мінезі", "Қазақ кәдесі", "Қазақы түс жору", "Бастаудан бақиға дейін", "Қазақтың гүл мәдениеті", "Қазақ наурызнамасы", "Қазақ аспан есебі" сияқты оннан астам кітаптары қалды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар