Басты жаңалықтар

«Қазақмыс» кенішінде тағы бір кенші мерт болды

Оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталуда

Ұлытау облысындағы «Қазақмыс» кенішінде тағы бір кенші қаза тапты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оқиға Ұлытау облысындағы «Қазақмыс» компаниялар тобына қарасты Шығыс-Жезқазған кенішінде орын алды.

«№57 шахтада тауарлық-материалдық құндылықтарды түсіру кезінде 1994 жылғы жұмысшы жүк оқпаны алаңындағы саңылауға құлап кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан жұмысшы оқиға орнында көз жұмды.

Оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталуда. Тергеу бойынша арнайы комиссия құрылды.

«Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен ұжымы марқұмның жақын туған-туысқандарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады. Қаза тапқан жұмыскердің отбасына ұжымдық шартта қарастырылған барлық қажетті көмек көрсетіледі, оның ішіне жерлеу шығындары да кіреді», - делінген «Қазақмыс» компаниясы таратқан хабарламада.