Қоғам

Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау 1 сәуірде басталады

Жалпы білім беретін орта мектепке балаларды қабылдауға қажет құжаттар тізімі жарияланды

Биыл бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау 1 сәуірде басталады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 31 тамызға дейін жалғасады.

Балалар ата-анасының өтініші бойынша 1-сыныпқа 6 жастан бастап қабылданады. Құжаттарды мемлекеттік egov.kz электрон үкіметі, жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы, сондай-ақ, қағаз нұсқада 1 сәуір мен 31 тамыз аралығында тапсыруға болады.

Қазақстан азаматтары үшін жалпы білім беретін орта мектепке қабылдауға қажет құжаттар тізімі:

  • ата-ананың немесе заңды өкілінің өтініші;
  • №065-у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама және №052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты;
  • өлшемі 3х4 см сурет (2 дана).

Шетел азаматтары үшін:

  • Ата-анасы немесе басқа заңды өкілдері Қазақстанда уақытша немесе тұрақты тұруы керек.
  • Шетелдіктер Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығы туралы және тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы құжаттарды ұсынуы керек.

Өтініш демалыс және мереке күндерді есептемегенде, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.