Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Жаңбыр аралас қар»: синоптиктер алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жасады

«Жаңбыр аралас қар»: синоптиктер алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жасады
Сурет: stihi.ru
Кей жерлерде боран соғып, көктайғақ пен тұман байқалады

Алдағы демалыс күндері ел аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің әр өңірінде жауын-шашын болады:

  • батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста – жаңбыр;
  • солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда – жаңбыр аралас қар жауады.

Синоптиктердің болжамынша, кей жерлерде боран соғып, көктайғақ пен тұман байқалады. Тек Батыс Қазақстан және Ұлытау облыстарында күн ашық болады.

  • 23-24 наурыз – Маңғыстау облысында қатты жаңбыр жауады.
  • 24 наурыз — Түркістан, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында жаңбыр жаууы мүмкін.
  • Батыс Қазақстан: түнде -3…-8°C, күндіз +7…+12°C.
  • Оңтүстік-батыс: түнде 0…+8°C, күндіз +5…+13°C.
  • Солтүстік-батыс: түнде -3…-10°C, күндіз +2…+12°C.
  • Солтүстік: түнде 0…-8°C, күндіз 0…-5°C.
  • Орталық: түнде -2…-10°C, күндіз 0…-5°C.
  • Оңтүстік: түнде +3…+15°C, күндіз +8…+18°C.
  • Шығыс: түнде -3…-12°C, күндіз +3…-2°C.

Синоптиктер азаматтарға ауа райының қолайсыздығына дайын болып, жолда абай болуға кеңес береді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар