Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Өлтірсем де өзім білем":Қызылордада күйеуі әйелін жұмысына келіп сабап, екі қабырғасын сындырды

"Өлтірсем де өзім білем":Қызылордада күйеуі әйелін жұмысына келіп сабап, екі қабырғасын сындырды
коллаж kyn.kz
Әйел: Көрген күнім осы, мас болса да, сау болса да үнемі қызғаныштан өлімші етіп ұрады.

Қызылорда қаласының Тасбөгет ауданында полиция өкілдерінен сұхбат алуға келіп, осы оқиғаға куә болдық деп жазды журналист Жазира Бегалы.

Бұл келіншек дәрігерден күйеуінің порталы жайлы сұраймын деп таяқ жедім дейді. Ерінің соққысынан екі қабырғасы шытынап кеткенін айғақтайтын анықтамасы бар. Күйеуі төмпештеп ұрып жатқанда үндемеген дәрігерді іздегім келген. Портал жайлы сұрады деп дәрігер күйеуін жұмыс орнынан шақырып, ақыры әйел дене жарақатын алған.

Есімі Сәуле Әкімова. Ауруханада тазалықшы болып еңбек етеді. Күйеуінің айтуынша дәрігер жұбайына шағым айтып, ұрыс-жанжал тұтанып, нәтижесінде келіншек таяқ жеді. Жәбірленушінің айтуынша жұбайы қызғанып, жиі ұрып, соғады .

Күйеуі “менің қатыным ғой, сындырсам” деді. Тіпті “ сотқа беремін, отбасымның шаруасы” деп полицияның көзінше бізге айбат көрсетті.

Енді ашуға булыққан отағасын полиция алып кетті.

Әрі кетсе оны 15 күнге қамайды. Полицияға арыз жазғаны үшін әйелдің өмірінің тозаққа айналмасына кепілдік жоқ.

Себебі, ағайын -туыс бұл келіншекті райынан қайтаруға атсалысады. Оған көнбесе Сәуледен туысқандары да теріс айналуы мүмкін. Себебі , екі баласымен қайтып келген қыз жаман.

Екі баламен баратын жері жоқ Сәуле таяққа да, мазаққа да шыдауға мәжбүр. Өйткені ұят! Енді отбасылық мәслихатта бәрі ұрғыш еркекті ақтап, әйелге “сен төз, шыда” дейді.

Қорғансыз Сәуленің тағдыры не болмақ? Күйеуі өте агрессивті адам. Жұбайының қабырғасын сындырғанын көшеде жатқан қураған ағашты сындырғандай шіреніп айтып отыр. Үйдегі екі бала қалай өмір сүріп жатыр?

Ең қызығы Қызылорда қаласында Дағдарыс орталығы бар. Былтыр мемлекет тарапынан 55 млн теңге бөлінген. Бұған қоса Отбасын қолдау орталығы құрылған. Былтыр 46 млн теңге бөлініпті. Енді менің кейіпкерім де, Сәуле де неге сол орталықтарға шағымданбайды? Себебі , ақпарат жоқ. Естімеген.

Байқағаным, полиция да жедел шағым қабылдамады. Әйел жылап отыр. Күйеуі жауды жеңген батырдай діңкілдеп жүр. Мен камераға түсіргеннен кейін полиция қимылдады.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар