Басты жаңалықтар

Әлем чемпионатының ең үздік ойыншысы анықталды

Хорватияның жартылай қорғаушысы Лука Модрич Ресейде өткен әлем чемпионатының үздік ойыншысы атанды.

Лента.ру жазады. Турнирдің жеті ойынында екі гол соққан Хавбекке "Алтын доп"  берілді. "Күміс допты" алты ойында үш гол салған Бельгия құрамасының жартылай қорғаушысы Эден Азар алды. Ал, "Қола допқа" француздық ойыншы Антуан Гризман ие болды. Үздік жас ойыншы атағын 19 жасар француздық шабуылшы Килиан Мбаппе алды. Естеріңізге сала кетейік, 15 шілде Франция құрамасы әлем чемпионы атанды. Франция құрамасы хорваттарды 4:2 есебімен ұтты.