«Балаларын қасақана улап өлтіргісі келді»: Атырауда енесі экс-келінін ата-ана құқығынан айыруды сұрайды
Енесі экс-келіні өзінің балаларына бірнеше рет зорлық-зомбылық танытқанын айтады
Атырауда енесі келінін ата-ана құқығынан айыруды сұрайды. Бұл туралы блогер Рүстем Баязиев өз желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Блогер жариялаған видеода екі баланың анасының енесіне дөрекі сөйлеп жатқаны көрінеді. Әйел келіні Садықова Ақмаралдың ата-ана құқығын шектеп, одан алимент өндіру туралы 2023 жылдың маусымында сотқа арыз түсірген. Ол 2015 жылы туған Садық Саид және 2022 жылы туған Садық Ибрахим есімді кәмелетке толмаған балаларының құқығын қорғау мақсатында сотқа жүгінген.
Блогердің айтуынша, Жұмағалиева экс-келіні Садыкова Ақмарал өзінің балаларына бірнеше рет зорлық-зомбылық танытқан.
«Жұмғалаиева Рая арызында көрсетіп отыр. Экс-келіні Ақмарал газды қосып қойып, өзінің туған балаларын қасақана улап өлтіргісі келді деген. Екінші жағдай өзінің жаңа туған сәбиін Садыкова Ақмарал қасақана ыстық суға күйдірді деп айтып отыр», - дейді блогер.
Рүстем Баязиев осы қылмыстық іс бойынша ҚР-ның бас прокуратурасына жіті қадағалауға алуын сұрады.