Қоғам

Жамбыл облысында болған жер сілкінісінің видеосы тарады (ВИДЕО)

Жер сілкінісі ең қатты сезілген жер - Жамбыл облысындағы Меркі ауылы

Желіде Жамбыл облысында жер сілкінген сәттің видеосы тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Жер сілкінісі 28 наурызда Астана уақытымен сағат 03:42-де болған. Дүмпудің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 323 шақырым жерде орналасқан.

Сейсмологтардың айтуынша, жер сілкінісі ең қатты сезілген жер - Жамбыл облысындағы Меркі ауылы.