Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Иманғали Тасмағамбетов өзін орысшыл дегендерге жауап берді (ВИДЕО)

Иманғали Тасмағамбетов өзін орысшыл дегендерге жауап берді (ВИДЕО)
Сурет: видеодан скриншот
Бүгінде елден жырақ жүрсем де, туған елдің әрбір жетістігі мен жемісі мәнді, сағынышы тәтті

ҰҚШҰ төрағасы Иманғали Тасмағамбетов өзін "ресейшіл" дегендерге жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

“Қадірменді ағайын! Менің өмір жолымды қалың қазақ біледі ғой деп ойлаймын. Егемен ел болғалы ел игілігіне азда болса өз үлесімді  қосқандаймын. Әрине “Ауыр жол атыңды сынайды. Қиын жол адамды сынайды” деген. Осы жолда талай сый да, сын да болды. Оның ішінде қадіріңді байыптағандар да, жалған жала жауып, бос айыптағандар да болды. Дегенмен сол жалған айыптарға көңіл бөлмедім. Сотқа жүгініп кеткен есемді ешкімге артпадым. Өйткені атам қазақ айтпақшы: “Ақтың отың ақымақ өшіре алмайды”. Қашан да әр мәселенің әділдігін адам көрмесе де, Алла көреді деген қағидаға сүйендім. Десе де, өтірікі шындай, шыны Құдай ұрғандай болған мына әлеуметтік желіге сенген кейбір адамдар үндемегенді басқа теуіп, табанына тастауға даяр. Жағадан алып, жаныұштауға құмар екеніне көзім әбден жетті. Сондықтан да азды көп абырой атымды болымсыз ортаның саудасына салмай барша айып таққыш жараңға бір жауабын берсем деп шештім”, - деді ол.

Тасмағамбетов желіде айтылғандарды анықтамастан, жалған ақпарат тарату оңай екенін жеткізді.

“Туған жерінде салмағы жоқ, желі айдаған дәнсіз қауыз тәрізді кейбір бақытсыз жандар үшін мен "ресейшіл сатқын" екенмін. Сонда қалай?! Келіссөздің күші емес, зымыранның мысы басып тұрған мына заманда халықаралық әскери ұйымға туған елімнің атынан барып, қауіпсіздігі үшін отқа, мүддесі үшін суға түскенім үшін бе?! Егер дәл солай болса онда мен заманында “орысшылсың” деп айыпталған ұлы Абайдың сөзімен қайырайын: “Ғалымнан надан артпас ұққанменен, Тағдыр көрмей қоймайды бұққанменен”,- дейді. Яғни жүрегің азаптан жарылайын деп тұрса да, қадіріңді білмегендердің арасында еңсемді түсірме деген. Сондықтан түсінгендерді бағалап, түсінбегендерді саралап өтетін өмір бұл…

Әлеуметтік желіде отырып алып, мән-жайды анықтамастан, жалған ақпарат тарату өте оңай. Қиыны, ар алдындағы жауап. Жұртым сеніп мойныма артқан қай қызмет, қай жұмыс болсын ұялатын жерім жоқ. Мен үшін халқымыздың мүддесінен биік ешнәрсе болған емес. Бүгінде елден жырақ жүрсем де, туған елдің әрбір жетістігі мен жемісі мәнді, сағынышы тәтті. Әрине мен үшін еліміздің сенімінен шығу жолында мемлекетіміздің мүддесін сыртта сақтап жүргізудің маңызы өте зор. Оған қоса мұндай мәртебелі міндеттің үдесінен шығу да халқымыздың рухани қолдауы қашан да қымбат. Ораза Айт құтты болсын! Ұстаған оразаларыңыз, ізгі тілектеріңіз қабыл болсын! Еліміз аман болсын" - деді Иманғали Тасмағамбетов. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар