Қоғам

“Ажалы келді, кетті”: Алматыда үйдің 6-қабатынан секіріп кеткен келіншектің енесі пікір білдірді

Айтуынша, ұлы келініне қол ұшын тигізбеген

Алматыда тұрғын үйлердің бірінде 6-қабаттан секіріп,  көз жұмған 19 жастағы келіншектің енесі оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы  “Астарлы ақиқат” бағдарламасына айтты. 

“Үйде төрт адам едік. Қазір балам қамауда жатыр. Мен ауырып қалдым. Келінім байғұс жақсы еді. Мінезін енді айтпай-ақ қояйын. Немеремді ана кісілер алып кетті. Енді маған не істемексіздер? Мен сіздерді түсінбеймін…, - дейді күдіктінің анасы.

Айтуынша, ұлы келініне қол ұшын тигізбеген. Оны сараптама да көрсетіпті.

“Балам сол жақта отыр. Ажалы келді, кетті. Төбеде бір Құдай көріп тұр. Сараптама оның ешкімге қол тигізбегенін анықтап берді. Заң шешеді деп сеніп отырмын. Бір Құдайға тапсырдым.

Адвокат жалдаған жоқпын. Менің баратын шамам жоқ. Олар секілді мен екі жылдап фотоларды сақтап жүрген жоқпын. Ондай арам ойым болған жоқ. Құдайдың алдында ақпын. Баламның тілеуін тілеп жатамын. Болды”,- деді Ажардың енесі.