«Мынауың енді қай қылығың?»: депутат Дәулет Мұқаев іш киімін елге көрсетіп мақтанды (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 1 сәуір, 2025
- 93

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев киім шкафын көрсетемін деп елдің сынына қалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол желідегі парақшасында үйіндегі шкафқа іш киімін жеке сөрелерге салып, киім-кешегін рет-ретімен, тәртіппен жинайтынын айтады. Бірақ бұл көпшілікке ұнамай қалды.
"Ал шкафтарды ақтарсақ ақтарайық. Киімдердің барлығын осылай ретімен жинап қойғанды жақсы көремін. Жапондарда мұны кайдзен дейді. Әрине, мұнда барлығы жуылған, таза киімдер. Оның барлығын жуып-тазалап қоятын, менің әйелім", - дейді депутат.
Желі қолданушылары депутаттың бұл іс-әрекетін сынап тастады.
«Ойбу бауырым, майдаланып не болды. ? Мынауын енди кай кылыгын? Сенен халыкка беретин пайда корип тургам жок. Қайтсаң қайтеді келген жағыңа?», «Түрси мәйкісі реттелген депутат деп халық қатты қуанып қалған шығар ә», «Бұл кісі блогер болып жүре беруі керек еді, депутаттыққа бармай» деп жазды олар.
Ұқсас жаңалықтар
Иманғали Тасмағамбетов өзін орысшыл дегендерге жауап берді (ВИДЕО)
- авторТомирис Тоныкөк
- 30 наурыз, 2025