Басты жаңалықтар

Қазақ әншісінің тақырбас қалыңдығы қазақстандықтарды шошытты

Салт бойынша беті ашылған қалыңдықты көргенде тойшыл қауым абдырап қалды

Қазақ әншісі MAKVIN-нің (Нұрболат Базарбаев) үйлену тойынан видеоларда тақырбас қалыңдықты көруге болады. Бұл жөнінде қазақстандықтардың пікірі екіге жарылды. Бірі қалыңдықты даттаса, енді бірі мақтап жатыр.

"Дəстүрді өзіміздің қазақ жігіттері немесе қазақ қыздары түсініп, қастерлемесе, қазақтың болашағы дүбəрə болады! Келін болып түсіп жатқан қыздың істеген ісіне "мұның дұрыс емес" дейтін көзі ашық, санасы ояу адам болмағаны ғой!", — деп ашынып жазған қолданушылардың бірі. Ал енді бірі "Сондай керемет, жарайсың!" деп мақтаған.