«Мен үнсіз қалған жоқпын»: Say Mo актер Шәріп Серіктен көрген қорлығын есіне алды
Әнші абьюзивті қарым-қатынаста болмаған адам бұл жағдайды ешуақытта түсінбейтінін айтты
Say Mo есімімен танымал әнші Мөлдір Есембек бұрынғы күйеуі актер Шәріп Серіктен (Шакенти) көрген қорлығы туралы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Актермен некеде болған Say Mo Instagram парақшасында абьюзға қалай ұшырағаны жайында сөз қылды.
«Қазір менде дәлел жоқ. Анама жіберген денемнің көгерген суреттерін өшіріп тастағанмын. Әр жанжалдан кейін ол кешірім сұрайтын. Актерлерше келіп «тізерлеп» отыратын. Абьюзивті қарым-қатынаста болмаған адам бұл нәрсені ешуақытта түсінбейді. «Неге шыдадың?» деп сұрайсыздар ма? Білмеймін.
Мен әкесіз өстім. Ер адамның әйелге қалай қарауы қажет екенін білмеймін. Өйткені бала күнімде ондай үлгіні көрмедім. Анам көп жұмыс істеді, мен ұл балалар сияқты ерте өскенмін. Бір күні кең көлемде сұхбат беріп, бәрін ашық айтатын боламын», – деді ол.
Say Mo осы жағдайды “Woman” атты әні арқылы жеткізген. Бұл 2021 жылдың көктемінде, ажырасқаннан кейінгі шыққан туындысы.
«Мен үнсіз қалған жоқпын, мен айқайладым! Не туралы екенін ақымақтың өзі түсінер еді», — деп қосты ол.
Айта кетсек, Алия Бутеева актермен қарым-қатынаста болған кезінде оның өзін соққыға жыққанын мәлімдеді. Бұл туралы фотосуреттермен бірге әлеуметтік желіде жазба жариялаған.
Осыдан кейін Шакенти көпшіліктің алдында кешірім сұрап, өз әрекетін ақтай алмайтынын жеткізді. Ол 5 қамауға алынды.