Алматыда қатты жел соғып, жаңбыр жауып, найзағай ойнады (ВИДЕО)
Кейбір тұрғындар кей ауданда бұршақ жауғанын айтуда
Алматыда бүгін 7 сәуір жел соғып, жаңбыр жауды. Қала тұрғындары желіде видео жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қатты желден кей аудандарды жарық сөнген. Нөсер жауын жауып, найзағай ойнады.
Куәгерлердің бірі қатты соққан желден көлік үстіне ағаш құлаған видеоны желіде бөліскен. Тіпті кейбір тұрғындар кей ауданда бұршақ жауғанын жазған.