Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Бас сүйегі мен қолы сынған»: Алматыда ер адам әйелін сойылмен аяусыз ұрып тастады

«Бас сүйегі мен қолы сынған»: Алматыда ер адам әйелін сойылмен аяусыз ұрып тастады
Сурет: TikTok парақша borz_girl
Әйел 10-нан астам соққы алған

Алматыда ер адам өз әйелін сойылмен аяусыз ұрған. Бұл туралы жәбірленушінің қызы Анастасия Борисова өзінің Instagram парақшасында анасын біреудің аңдып, 5 сәуірде кешке үйдің жанындағы аллеяда соққыға жыққанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Өз әйелін темір сойылмен басынан, қолынан және аяғынан ұрған ер адам ұсталды. Алайда жәбірленушінің жақындары оған жеңіл жаза бергені үшін наразылықтарын білдірді.

Әйел 10-нан астам соққы алған. Оның бас сүйегі мен қолы сынып, иығы сынған.

«Менің анамды өлтіргісі келді. Айқайлаған дауысын естіген жігіттер оны құтқарып қалды. Олар кешке дейін жұмыс істейтін көлік жөндейтін техникалық қызмет көрсету станциясының жұмыскерлері еді», – деді Анастасия.

Жәбірленушінің қызы анасын соққыға жыққан ер адамның бостандыққа шығып, айыппұл төлеумен ғана құтылып кете ма деп қорқады.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар