Қоғам

Теміртау қаласында зейнеткерді соққыға жыққан: жасөспірімдер қамауға алынды

Күдіктілердің ата-аналарына қатысты да қылмыстық іс қозғалды

Теміртау қаласында зейнеткердің үйіне кіріп, оны аяусыз ұрып-соққан балалар екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Күдікті деп танылған 9 жасөспірімнің жетеуі, яғни кәмелетке толмаған бала уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олар ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 131-бабына сәйкес ұсталды. еміртау қалалық соты оларға қатысты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды. Ал күдіктілердің ата-аналарына қатысты да қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетсек, оқиға 31 наурызда Теміртау қаласында орын алды. Әлеуметтік желілерде жасөспірімнің қарияны ұрған видеосы тараған еді.