Астанада ер адам 7 жасар немересін зорлады деген күдікке ілінді
Адвокат көпшілікке балаларын қорғауға және қараусыз қалдырмауға шақырды
Астанада атасы 7 жасар немересін зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оқиға туралы “НеМолчи” қоры желідегі парақшасында жариялады. Мәлімет бойынша, астаналық әйелдің қызын туған атасы зорлаған.
«“НеМолчи” қорына әйелден хабарлама келіп түсті. Туған атасы немересін зорлаған. Қыздың жасы небәрі 7-де. Ол оқиға орнынан қашып кеткен. Қазіргі кезде іздестіріліп жатыр», - дейді адвокат Азамат Сағал.
Адвокат көпшілікке балаларын қорғауға және қараусыз қалдырмауға шақырды.
Соңғы мәліметтер бойынша күдікті ер адам ұсталған.