Қоғам

Ақтөбеде ер адаммен азаматтық некеде тұрып жатқан әйел оның заңды жұбайынан моральдық шығын талап етті

Сотта айыпталушы күйеуінің отбасынан кетіп қалғанын, оған ашуланғанын түсіндірді

Ақтөбеде күйеуі тастап кеткен көпбалалы ана оның телефонына ашулы хабарламалар жіберген. Ол жазбаны оқып қойған ер адамның қазіргі азаматтық некеде тұрып жүрген сүйіктісі әйелді сотқа берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

Ер адам заңды әйелін 6 баласымен тастап, басқаға кетіп қалған. Енді азаматтық некеде тұрып жатқан әйел одан моральдық шығын ретінде 500 мың теңге өндіріп алуды және оны қылмыстық жауапқа тартуды талап етті.

Сотта айыпталушы күйеуінің отбасынан кетіп қалғанын, оған ашуланғанын түсіндірді. Бірақ жазған хабарламаларда оның қазіргі сүйіктісі туралы ештеңе айтпағанын жеткізді.

Сот бұл хабарламалардың ерлі-зайыптылары арасындағы әңгіме екенін және онда басқа әйел туралы сөз болмағанын анықтады.

Іс ақтау үкімімен аяқталды.