Қоғам

Алматыда көпқабатты үйдің терезесінен құлаған қыз көз жұмды

Қайғылы оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда

Алматыда көпқабатты үйдің терезесінен бойжеткен құлап, көз жұмды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға Алмалы ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болғаны хабарланды. Қыз 18-қабаттан құлап кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм 20 жаста болған.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растады. Бұл оқиға бойынша Алмалы аудандық ішкі істер бөлімінің полиция бөлімі қылмыстық іс қозғағаны хабарланды.

«Қайғылы оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда», - деді полиция.