«Менің ұлымды пайдаланып келді»: Шәріп Серіктің анасы Әлия Бөтееваны кінәлады
Айтуынша, ұлының экс-сүйіктісі танымал болуды қалаған екен
Сүйіктісін ұрып бес тәулікке қамауға алынған Серік Шәріптің анасы Гүлнәр Мұратқызы барлық жағдайға Әлия Бөтееваны кінәлады. Айтуынша, ол ұлының ақшасын пайдаланып келген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Instagram парақшасында бөлісті.
«Менің ұлым онымен қарым-қатынасын баяғыда тоқтатқан еді. Бірақ ол қыз баламды жайына қалдырмай, аңдып жүрді. Сөйтіп 8 ақпан күні өзінің жоспарын іске асырды. Қандай мақсатпен және ұйықтап жатқан ұлымның пәтеріне қалай кіріп жүр? Ол бұл жерде тұрмаса да, лифттен бейнежазбаны заңсыз алып отыр», - деп жазды Гүлнәр Мұратқызы.
Актердің анасы Әлияның оқиға болған күні полицияға арыз жазбай, тек 4 сәуір күні ғана барғанына наразылығын білдірді.
«Егер шынымен шапалақпен ұрса, неге ол сол күні полиция шақырмады, сараптамадан өтпеді, өтініш бермеді? Неліктен ол 2 айдан кейін барып қана арыз жазды? Неліктен полиция менің ұлымды видео түсіруге мәжбүрледі?», — деді анасы.
Айтуынша, ұлының экс-сүйіктісі оны пайдаланып келген. Ол танымал болуды қалаған екен.
«Ол екі жыл бойы менің ұлымды пайдаланып келді. Оның тұрақты жұмысы жоқ, бірақ қай ақшасына шетел асып, әдемі киініп жүр? Атақты болғысы келетінін айтатын және өз дегеніне жетті. Өтірік пен жала жапты. Бәрі ұмытылады, бірақ құдай ұмытпайды және ол жазасыз қалмайды. Біреуге ор қазба, өзің түсесің деген сөз бар», — деп сөзін аяқтады Гүлнәр Мұратқызы.
Айта кетсек, белгілі актер Шәріп Серік бұрынғы қызын ұрғаны үшін 5 күнге қамауға алынды.