Қоғам
Алматы облысында қатты желден құлаған ағаштан 46 жастағы ер адам қаза тапты
- автор Томирис Тоныкөк
- 8 сәуір, 2025
- 93

Полиция қызметкерлері мен уәкілетті органдардың қатысуымен кешенді тексеру жүріп жатыр
Алматы облысындағы Шамалған ауылының маңында дауыл кезінде ер адамның үстіне ағаш құлап, салдарынан ол қаза тапты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ведомствоның баспасөз қызметі өкілдерінің хабарлауынша, 7 сәуірде "Алматы-Бішкек" тас жолының 37-шақырымында Шамалған ауылына жақын жерде қатты желден ағаш құлап, салдарынан 46 жастағы ер адам қаза тапты.
"Осы оқиға бойынша полиция қызметкерлері мен уәкілетті органдардың қатысуымен кешенді тексеру жүріп жатыр.
Азаматтарды қолайсыз ауа райы жағдайында сақтық шараларын сақтауға және төтенше жағдайлар қызметінің нұсқауын орындауға шақырамыз", - деді Алматы облысының полиция департаменті өкілдері.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Семейде вагондардың арасынан өтпек болған әйелді пойыз басып кетті
- авторТомирис Тоныкөк
- 15 сәуір, 2025