Басты жаңалықтар

Жұманғарин: Қосымша құн салығы 16%, ҚҚС бойынша шектік сома 40 млн теңге

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жаңа Салық кодексінің жобасын таныстырды.

"Қосылған құн салығы 16% болады. Екінші – қосылған құн салығының шегі.

Қосылған құн салығы бойынша шек 40 млн теңге мөлшерінде белгіленеді. Үшінші – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, кітап басып шығару, археология – қосылған құн салығын төлеуден босатылады.

Төртінші – әлеуметтік салада, денсаулық сақтау саласында Үкімет қосылған құн салығынан босатылған дәрі-дәрмектердің әлеуметтік тізімін айқындайтын болады. Қосылған құн салығы тек ақылы медициналық қызметтерге салынады. Қосылған құн салығының мөлшерлемесі 10% болады", - деді Ұлттық экономика министрі.

Серік Жұманғариннің айтуынша, әлеуметтік саладағы корпоративтік табыс салығы 2026 жылдан бастап – 5%, 2027 жылдан бастап 10% болады.

"Банк операцияларына қосылған құн салығы салынады. Олардың бағасының өсуіне жол бермеу үшін Бәсекелестікті қорғау агенттігі Үкіметпен бірлесіп ағымдағы бағалардың дұрыстығына талдау жүргізеді. Арнаулы салық режимі бойынша рұқсат етілген тізім емес, тыйым салынған тізім енгізіледі. Тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етіледі", - деді Премьер-министрдің орынбасары.

Үкімет ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер бойынша бәрін сол күйінде қалдырып отыр. Яғни, 70% жеңілдік қалады.

Бұдан бөлек өңдеу өнеркәсібіне корпоративтік табыс салығының 20% мөлшерлемесі бойынша салық салынады.