Алматыда QazNews24 сатиралық паблик авторы Темірлан Еңсебекке қатысты сот басталды
Темірлан Еңсебек уақытша ұстау изоляторынан онлайн режимінде қосылды
Алматыда QazNews24 атты сатиралық паблик авторы Темірлан Еңсебектің ісі бойынша сот процесі басталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі .
Іс Наурызбай ауданының сотында қаралып жатыр. Сот отырысы ашық болғанымен, журналистер мен құқық қорғаушыларды сот залына кіргізбеді.
Темірлан Еңсебек уақытша ұстау изоляторынан онлайн режимінде қосылды. Отырыстың басында айыпталушы үш өтініш білдірді.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда белгілі паблик авторы ұсталғанын хабарлаған едік. Оған қатысты әлеуметтік желідегі жазба арқылы ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін қылмыстық іс тергеліп жатқаны айтылды.