«Жақында өмірге бір бөпе келеді»: Айгүл Иманбаева жаңадығымен бөлісті
Ол күйеуінің өзінен алты айға кіші екенін айтты
Әнші, актриса Айгүл Иманбаева желіде оқырманының сұрақтарына жауап берді. Одан желі қолданушылары жүктілік туралы және күйеуімен арадағы жас айырмашылығы туралы сұрады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Әнші Instagram желісіндегі stories-те оқырмандарынан келген сұрақтарға жауап беріп, жаңалығымен бөлісті. Ол күйеуінің өзінен алты айға кіші екенін айтты.
"Жақында өмірге бір бөпе келеді, айтамын. Уақыт аз қалды, өте-өте жуық арада", - деп жауап берді әнші.