Ақын Балғынбек Имашевтың ұлы тергеліп жатыр
Оған 50-ге жуық азаматтан арыз түскен
Алматыда айтыскер ақын Балғынбек Имашевтың ұлы алаяқтық бойынша тергеліп жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл ақпаратты Алматының полиция департаменті растады.
Желідегі ақпаратқа сәйкес, қажылыққа ұша алмаған туристер шағым түсірген. Данияр Имашев соларға жолдама сатқан «Qazaq travel» компаниясының атқарушы директоры болып шыққан.
Алматының полиция департаментінің мәліметінше, алаяқтық дерегі бойынша Әуезов аудандық полиция басқармасында қылмыстық іс тергеліп жатыр.
“Ресми түрде 50-ге жуық азаматтан арыз түсті. Қазіргі таңда қылмыстық іс жүргізу кодексімен көзделген барлық тергеу амалы жүргізіліп жатыр. Істің мән-жайы анықталып, процессуалдық шешім қабылданасын болады”, - дейді полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.