Басты жаңалықтар

Тоқаев Шымкент қаласына барды

Тоқаев Шымкент әуежайының жаңа айлағын көрді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласына барды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы жұмыс сапары барысында қаланың әлеуметтік-экономикалық даму тынысымен танысады.

Тоқаев 24 миллиард теңге қаражат жұмсалған Шымкент әуежайының жаңа айлағын көрді.

Қазақстанның оңтүстігінде бірегей авиациялық хаб қалыптастыру өңірдегі әуе қатынасы бағытын 17-ден 59-ға дейін көбейтуге сеп болмақ. Сондай-ақ Еуропа мен Азияның бірқатар еліне жаңа рейстер ашуға мүмкіндік береді.