Басты жаңалықтар
Qaznews24 сатиралық парақшасының авторы Темірлан Еңсебек сотталды
- автор Томирис Тоныкөк
- 11 сәуір, 2025
- 244

Үкім заңды күшіне енген жоқ
Qaznews24 сатиралық парақшасының авторы Темірлан Еңсебек бес жылға шартты түрде сотталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оған қоғамдық қызметпен айналысуға, оның ішінде журналист ретінде жұмыс істеуге, митингтерге қатысуға, сұхбат беруге тыйым салу туралы үкім шығарылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ. Адвокаттың апелляция беруіне 15 күн бар.
Айта кетсек, 11 сәуір күні Алматы қаласының Наурызбай аудандық сотында Темірлан Еңсебекке қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі аяқталды.