Мьянмада тағы да жер сілкінісі болды
Жер сілкінісінің ошағы 35 шақырым тереңдікте орналасқан
Мьянманың орталығында тағы да 5,5 балдық тағы да жер сілкінісі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Жер сілкінісін Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) тіркеді.
Жер асты дүмпулері жексенбі күні 2.25 UTC (жексенбі күні Мәскеу уақытымен 5.25) кезінде шамамен 1,2 миллион халқы бар Мандалай қаласынан оңтүстікке қарай 84 шақырым жерде тіркелді.
Жер сілкінісінің ошағы 35 шақырым тереңдікте орналасқан.
Жер сілкінісінен қаза тапқандар мен қираған нысандар туралы мәлімет жоқ.