Қоғам

«НеМолчи» қорының басшысы Дина Таңсәрі Черногорияда ұсталды

Немолчи.kz қорының жетекшісі Дина Таңсәріге алты қылмыстық іс бойынша айып тағылған

«НеМолчи» қорының басшысы Дина Таңсәрі Черногорияда ұсталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Дина Таңсәрі желідегі парақшасында жазба жариялады. Ол видеоүндеу жазып үлгерген. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында (ИВС) және таңертеңге дейін сонда болады.

"Құқық қорғаушыларды, сондай-ақ жергілікті және халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарын бұл жағдайға назар аударуға шақырамыз. Қосымша ақпарат қажет болған жағдайда, төмендегі WhatsApp нөмірі арқылы байланысуға болады”, – делінген жазбада.

Еске салсақ, ІІМ 2024 жылы Немолчи.kz қорының жетекшісі Дина Таңсәріге алты қылмыстық іс бойынша айып тағылған, оның екеуі алаяқтықпен байланысты екенін хабарлаған болатын.