Еліміздің қай аймағында жастар неке көп қидыратыны белгілі болды
Өткен жылы үйленгендердің басым бөлігі 20-24 жас аралығында болған
Ұлттық статистика бюросы еліміздің қай аймағында ерлі-зайыптылар некеге көп отыратыны туралы мәлімет жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қазақстанда былтыр 123,6 мың неке тіркелген.
Некенің ең жоғары коэффициенті Астанада – 7,34 болса, ең азы – Батыс Қазақстан облысында, ондағы көрсеткіш 5,58. Ал Алматы облысында – 6,98 және Ұлытау облысында – 6,70 болып тұр.
Өткен жылы үйленгендердің басым бөлігі 20-24 жас аралығында болған, ал алғашқы некеге тұрудың орташа жасы ерлерде – 27,9 жас, әйелдерде – 25,2 жас болды. Жалпы қиылған некенің 18,2% – аралас неке.
Некеге тұрған қыздардың 41% жоғары білім болған, ерлердің 38% ЖОО-да оқыған.
Айлар бөлінісінде ең көп неке шілде айында тіркелген – 13 739, ең азы – 8453 мамырда болған.