Қазақстанда жазда азық-түліктер қымбаттайды
Бағасы бірінші болып қымбаттауы мүмкін азық-түлік түрлері: қарбыз, қауын, қызанақ, бұрыш, пияз, картоп, жеміс-жидек, ет пен сүт өнімдері
Қазақстанда ауа райының қолайсыздығы мен су тапшылығы кейбір азық-түлік түрлерінің бағасына тікелей әсер етуі мүмкін, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Мамандардың мәліметінше, биыл Тянь-Шань, Памир және Алтай тауларында қар мөлшері әдеттегіден әлдеқайда аз. Журналист Кирилл Павловтың сөзінше, бұл өзендердегі су деңгейінің төмен болатынын, әсіресе елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында егіншілік пен суаруға қатты тәуелді аймақтар үшін күрделі жағдай туындайтынын білдіреді.
2025 жылы Қазақстанда агроклиматтық жағдай күрделі болады деп күтілуде:
Оңтүстікте көктемде – су тасқыны, жазда – Сырдарияның тайыздануы және егіншілікке су жетіспеушілігі.
Солтүстікте ылғалды көктемнен кейін шілдеде ыстық пен қуаңшылық күтіледі – бұл жаздық бидайға кері әсер етеді.
Орталық пен батыста – жаңбыр аз, жайылымдардың жағдайы нашарлайды, Қарағанды облысында жазда қуаңшылық болуы мүмкін.
Шығыста көктем кеш түседі, үсік болу қаупі бар, ал жазда – су тапшылығы қайталанады.
Батыс Қазақстанда жауын-шашын мәселесі дәстүрлі түрде қиын, 2025 жылы жақсару болмайды, жайылымдар кепті, малға азық тапшылығы туындайды.
Кирилл Павловтың пікірінше, мұндай климаттық факторлар дүкендердегі бағаға тікелей әсер етеді, Су аз – өнім аз, яғни нарықта ұсыныс азаяды, жем-шөп қымбат – жұмыртқа, ет, сүт те қымбаттайды.
«Импорт тапшылықты толықтыруы мүмкін, бірақ оның бағасы жоғары, әсіресе логистика қиын не валюта бағамы тұрақсыз болса. Суару, тасымалдау мен сақтау шығындарының артуы да бағаны көтереді», - дейді Павлов.
Бағасы бірінші болып қымбаттауы мүмкін азық-түлік түрлері: қарбыз, қауын, қызанақ, бұрыш, пияз, картоп, жеміс-жидек, ет пен сүт өнімдері.
Бағалар әсіресе жаз ұзақ әрі ыстық болса, тамыз айынан бастап күрт өсуі мүмкін.