Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстан 9 баллдық жер сілкінісіне дайын екенін мәдімдеді

Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстан 9 баллдық жер сілкінісіне дайын екенін мәдімдеді
Сурет: sb.by
Министр барлық аймақта эвакуация пункттері халықты қабылдауға дайын екенін айтты

Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев Қазақстан күшті жер сілкінісіне дайын екенін айтты. елімізде 15 облыс сейсмикалық белсенді аймақтарда орналасқан, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар вице-министрінің айтуынша, Қазақстанда әлемдегі және елдегі жер сілкінісі жағдайын бақылайтын сейсмология институты бар.

"Әр өңірде ескерту жүйесінен бастап, эвакуациялау жұмыстары жоспарға сай жүргізілді. Біз бұл бағытта әрдайым дайын болуымыз керек. Бізде су тасқыны кезіндегідей көмек көрсету жүйесі бар. Бірінші күні, екінші, үшінші күні бар. Көмек барлық аймақтан келеді. Оның ішінде жеке құрам, техника, азық-түлікпен қамтамасыз ету, медициналық қамтамасыз ету және эвакуациялау бар. Барлық облыста, тіпті Алматыда эвакуация пункттері халықты қабылдауға дайын", – деді вице-министр.

Кеген Тұрсынбаев қатты жер сілкінісі болған жағдайда республика бойынша әкімдіктерден бастап дәрігерлер мен құтқарушыларға дейін ведомствоаралық ресурстар жұмылдырылатынын атап өтті.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар