Экс-министр Қанат Шарлапаев «Самұрық-Қазына» қорында жаңа лауазымға ие болды
«Самұрық-Қазына» қорында директорлар кеңесі жеті адамнан тұрады
Экс-министр Қанат Шарлапаев «Самұрық-Қазына» қорында директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ақпарат KASE қазақстандық қор биржасының ресми сайтында жарияланды.
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-ның жалғыз акционерінің 2025 жылғы 12 сәуірдегі шешімімен Қанат Шарлапаев директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды", – делінген хабарламада.
«Самұрық-Қазынада» енгізілген жаңа өзгерістерге қарасақ, қордың директорлар кеңесі жеті адамнан тұрады:
- Олжас Бектенов — кеңес төрағасы, премьер-министр;
- Қанат Шарлапаев — президенттің көмекшісі;
- Вонг Хэн Фай — «Самұрық-Қазынаның» тәуелсіз директоры;
- Нұрлан Жақыпов — басқарма төрағасы;
- Болат Жәмішев — «Самұрық-Қазынаның» тәуелсіз директоры;
- Лука Сутера — «Самұрық-Қазынаның» тәуелсіз директоры;
- Мұхаммед Жамил Әл Рамахи — «Самұрық-Қазынаның» тәуелсіз директоры.
Қанат Шарлапаев — 1981 жылы Ресейде дүниеге келген. Саратов әлеуметтік-экономикалық университетін және Ұлыбританиядағы Крэнфилд менеджмент мектебін бітірген. Осы уақытқа дейін Ресейде, Ұлыбританияда және Чехияда жұмыс істеді.