Қоғам

"Бұрын ауыр қылмыс үшін сотталған": Ильяс Сариевке қатысты тың мәліметтер шықты

Ол екі айға тергеу абақтысына жабылды.

"Елге көмек" қорын ашып, әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларды видеоға түсіріп елден ақша жинап, қайырымдылықпен айналысып жүрген Ильяс Сариевке қатысты тың ақпарат шықты. Оның үстінен шағым түсірушілер қатары бірден өскен. Оны полиция ұстап, қазір екі айға тергеу абақтысына жабылды, деп жазды  KYN.KZ  тілшісі.

"И. Сариев  ауыр дәрежедегі  қылмыс жасағаны үшін күдіктелетінін, қылмыстың сипатын, күдіктінің осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін бұрын сотталғанын ескереді. Сонымен қатар, И.Сариев  пробациялық бақылауда болған кезде қылмыс жасады деген күдікке ілінген" делінген қаулыда.

И. Сариевтен зәбір көрдік, алдандық дегендер әлі Алматы полиция департаментіне жүгінуде. Қазіргі жағдайда ол бес жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Егер шағымданушылар қатары тағы көбейсе, жаза да сәйкесінше ауырлайды, мерзімі ұзартылады.