Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Арыз жазбауға мәжбүрлеген»: Жамбыл облысының жанармай бекетінде пышақталған мотоцикл жүргізушісінің адвокаты видеоүндеу жасады

«Арыз жазбауға мәжбүрлеген»: Жамбыл облысының жанармай бекетінде пышақталған мотоцикл жүргізушісінің адвокаты видеоүндеу жасады
Сурет: ulysmedia.kz
Адвокат шабуыл жасаған адамның туыстары  ауруханаға келіп, оның арыздан бас тартуын талап еткенін айтады

Жамбыл облысындағы жанармай құю бекетінде пышақ жарақатын алған мотоцикл жүргізушісінің адвокаты бейнеүндеу жолдап, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Адвокат Зәкір Асадовтың айтуынша, күдіктінің туыстары оның қорғауындағы адамға қысым көрсетуде.

Оқиғаның видеосы желіде тарап кетті. Бейнежазбада ер адамның соңынан ерген күдікті оған бірдеңе айтып жатқанын көруге болады, содан кейін пышақ тәрізді нәрсе шығарып, арқасы мен ішіне сұққан.

"Қорғауымдағы адам қашып үлгерді. Осыдан кейін күдіктінің туыстары оны оқиға орнынан алып кетті", - деп түсіндірді Асадов.

Оның айтуынша, жәбірленуші күшін жоғалтып, жанармай құю бекеті аумағындағы шөпке құлаған, содан кейін ол аудандық ауруханаға жеткізілген. Адвокат шабуыл жасаған адамның туыстары  ауруханаға келіп, оның арыздан бас тартуын талап еткенін айтады.

"Медициналық көмектің жеткіліксіздігі мен туыстарының қысымы менің қорғауымдағы азаматты Меркі ауылынан Алматыға кетуге мәжбүр еткен, ол күні бүгінге дейін қалалық жедел жәрдем ауруханасында жатыр. Алайда бұл жерден де шабуыл жасаған адамның туыстары тауып алып, палатаға кіріп, шағымданбау туралы арыз жазуға мәжбүрлеген", - деді адвокат.

Адвокат ішкі істер министрі Ержан Сәденовке жүгініп, күдіктінің туыстарының ықпалына жол бермеу үшін қорғауындағы азаматты ауруханада қорғауды және тергеуді басқа аймаққа беруді сұрады.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар