Мәдениет

«Жібін ұстап тұрғаннан кейін бас тарта алмадым»: 38 жастағы әйелдің тұсауын кескен Дәулет Мұқаев сынағандарға жауап берді

Депутат тұсау кесуден теріс нәрсе іздеудің қажет жоқ екенін айтты

Көпбалалы ананың тұсауын кесіп, сынға ұшыраған депутат Дәулет Мұқаев мән-жайды түсіндірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мәжіліс депутаты тұсауын кестіруге келіп тұрған оқырмандарынан бас тарта ала алмайтын жағдайлар болатынын айтады.

«Неше түрлі пікірлерді әрине, жазып жатады. Осы уақытқа дейін 36 жастағы әйелдің тұсауын кесті деді. Ол кісі “мен сүріншекпін, тұсауым ала жіппен кесілмеген, жай ғана ырымын жасап беріңізші” деді. Әлеуметтік желіде де көп жазып жатады. Мен оларға кішкентай баланың ғана тұсауын кесетінімді айтамын. Ал жолын жайып қойып, жібін ұстап тұрғаннан кейін мен одан бас тарта алмадым», – дейді депутат. 

Айтуынша, осы уақытқа дейін орыстың да, кәрістің де тұсауын кескен екен. Сол себептен бұдан оғаш әрекет көрудің қажеті жоқ екенін жеткізді.

«Екіншіден, осыны көріп өзге ұлттың азаматтары да біздің қазақтың дәстүріне сіңісіп жатқанын көремін. Осы уақытқа дейін орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім. Одан бір теріс нәрсе іздеудің қажеті жоқ. Жұмыс жұмысымен, ал мұның бәрі жұмыстан тыс демалыс уақытында жасалып жатқан әрекет», – дейді Дәулет Мұқаев.