Мәдениет

Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын айтты

Бұл күні мен де сіздермен бірге тамашалаймын!

Әнші Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Өнер иесі жақында Stranger концерті еліміздің кинотеатрларынан көрсетілетінін айтты. Бұл туралы Instagram-дағы парақшасында жазды. 

"Құрметті достар! 27 мамырда Қазақстанның барлық кинотеатрларында STRANGER жеке концертімнің премьерасы өтеді! Бұл күні мен де сіздермен бірге тамашалаймын! Жақында Алматыда кездескенше, Dears", - деп жазды әнші әлеуметтік желіде.

Айта кетсек, 26 мамырда Almaty Astana стадионында әнші "D and Dears" фан-кездесуін өткізеді. Іс-шара Димаш Құдайбергеннің туған күніне орайластырылып отыр.