Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Әміре «Славян базарында» бас жүлде алмағаны үшін халықтан кешірім сұрады

Әміре «Славян базарында» бас жүлде алмағаны үшін халықтан кешірім сұрады
ашық дереккөз
Әміре бас жүлде алған руминиялықпен тең түскенімен, қазылар оған бірінші орынды берді
Күні кеше қазақстандық әнші Ернар Садырбаев «Славян базары» халықаралық байқауының финалына өткен болатын. Отандасымыз аталған байқауда екі әншінің тең түскеніне қарамастан, бірінші орынды иеленді. Қуанышты хабарды алғашқылардың бірі болып әншінің өзі Instagram парақшасында бөлісті. «Алдыңғы кезеңде денсаулығыма байланысты ойдағыдай өнер көрсете алмадым. Бірақ ауырғанымды ешкімге айтпадым, сонда да жоғары ұпайға ие болдым. Аллаға шүкір, бүгін бәрі керемет болды! Алланың қалауымен, Қазақстан 1-орынға ие болды. Румынияға бас жүлде бұйырды. Ұпайларымыз бірдей болғанымен, әділ қазылар шешімі осындай болды. Мен барымды салдым. Қазақ елі! Дұға, тілектеріңізге үлкен рахмет. Сіздерге бас жүлде сыйлай алмағаным үшін өз-өзіме сыймай, орын таппай отырмын. Мені қолдағандарыңыз үшін рахмет! Көріскенше! Әmre», - деп жазды әнші. Бүгін марапаттау рәсімі өтеді және аталған рәсім барысында Ернар Садырбаевқа 15 000 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы табыс етіледі. Бас жүлдені румыниялық өнерпазға беру туралы шешімді әділ қазылар төрағасы А. Морозов қабылдаған. Екінші орын Украинаға, үшінші орын Польша мен Беларусь еліне бұйырды. «Қазылар төрағасының шешімімен тоқтаусыз дауласуға болады. Десе де көңілім тоқ және менің артисім де қуанышты! Өнер жолына енді ғана қадам басқан әнші үшін бұл үлкен жетістік деп ойлаймын. Қолдау көрсеткен Қазақстан делегациясы мен желі қолданушыларына алғысым шексіз! Біз Рымбаева, Морозов, Лоретти, Гришко және Качмарек сынды музыка аңыздарынан жоғары баға алдық. Витебск, рахмет! Ертең үйге қайтатын болдық! Қош бол, Беларусь! Бізді күтіп ал, Қазақстан!» - деп жазды әншінің продюсері Жан Мұқанов өзінің парақшасында. Автор: Kyn.kz
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар